AG TECH - Mining & Metals Central Asia халықаралық көрмесінің қатысушысы

AG TECH компаниясы Mining & Metals Central Asia халықаралық көрмесіне қатысады

AG TECH компаниясы Tech Garden шақыруымен "Тау - кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту" - Mining & Metals Central Asia халықаралық көрмесіне қатысады, онда біз өзіміздің флагмандық өніміміз DMMS өнеркәсіптік өндірісті басқару жүйесін таныстырамыз. Көрме 20-22 қыркүйек аралығында Алматыда "Атакент" Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының алаңында өтеді.

Mining and Metals Central Asia – ТМК саласындағы отандық және шет елдік әзірлемелер, қызметтер және жабдық өндірісшілерінің жетістіктерін көрсетуге арналған кәсіби алаң. Көрме өндірісшілер мен жеткізушілердің тау-кен өндіретін кәсіпорындардың, тау-кен байыту комбинаттарының, топтан сауда компанияларының мамандарымен және саланың басқа да өкілдерімен іскерлік байланыстарын кеңейтуге септігін тигізеді.

Шара жыл сайын Алматыда жүздеген қатысушы компанияларды және мыңдаған келушілерді жинайды, олардың ішінде: жабдық өндірісшілері мен жеткізушілері, тау-кен металлургия холдингтерінің өкілдері, ғылыми орталар, үкіметтік құрылымдары. Бұл шараға қатысу өндірістегі жаңалықтардарды көрсету, шығарылып жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және бәсекелестердің әлеуетін бағалауға, инвесторлар және серіктестер табуға, әріпстермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Шейрек ғасырға жуық жұмысында көрме, өзінің Қазақстанның тау-кен металлургия кешені алдында тұрған тапсырмаларды шешуге арналған тиімді диалог алаңы екендігін дәлелдеді. 

Көлемі 9 000 шаршы метрден астам алаңда машиналар, кен өндіруші өндірістерге, кен байыту комбинаттарына арналған жабдықтар мен технологиялар, кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, цифрландыруға, автоматтандыруға арналған шешімдер ұсынылған.

Экспозиция келесі бөлімдерден тұрады: Ашық тау-кен жұмыстары; жер асты тау-кен жұмыстары;пайдалы қазбаларды байыту; кен орындарын барлау; геологиялық барлау; металл өңдеу; зертханалық-талдамалық жабдықтар; пайдалы қазбаларды тасымалдау; қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; кен өндіру кәсіпорындарын жобалау және салу; тау-кен металлургия кешеніне арналған жабдықтар; тау-кен металлургия өнеркәсібіне арналған қызметтер (консалтинг); жабдық және техникаға арналған қосалқы бөлшектер және құрамдастар; бағдарламалық жасақтама; радио электрондық және есептеуіш жабдық. 

Бұдан басқа, оқиға түрлі өзекті тақырыптардың шараларын қамтитын ауқымды іскерлік бағдарламамен толықтырылады. Жыл сайын көрме аясында түрлі техникалық мәселелер, сонымен қатар инвестициялық жобалар мен ынтымақтастық перспективалары талқыланатын тақырыптық алқалы отырыстар, презентациялар және семинарлар өтеді.

Көрме туралы толық ақпарат сайтта жарияланған https://miningworld.kz.



Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: